14.05.2024
17:45
1373
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Ұлттық экономика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақының ағымдағы мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстандағы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің жалпы саны 3 975 641 адам болады. Барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар.

Биылғы бірінші тоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 382 279 теңге болады.

Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады, - делінген түсініктемеде.