Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі байқалады

8 Қазан, 12:15 378

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол саладағы өндіріс көлемі 14,9 трлн теңгені құрағанын, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,9%-ға артық екенін атап өтті. Саланың ЖІӨ-ге қосқан үлесі металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі және фармацевтика есебінен 12,5%-ды құрады. 

Металлургиядағы өсім ұлттық инвестор Qarmet-тің келуімен және кешенді жаңғыртудың басталғанымен байланысты. Нәтижесінде өндірістік тұрақтылық, қызметкерлердің орташа жалақысының 13,5%-ға көбеюі байқалады. 2024 жылы шамамен 1,3 трлн теңгеге 180 жобаны іске қосу жоспарланған, – деді Роман Скляр.

Металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау, химия салаларында 17 серпінді жобаны іске асыру ерекше бақылауда екені атап өтілді. Әрбір жоба бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар бекітілді. Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. Тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету тетігі енгізілді. Қазірдің өзінде ірі жеткізушілермен 25 келісім жасалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: