Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар қызметте өсе ала ма?

17 Сәуір 2023, 12:59 1220

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бағдарламалары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Компетенцияларды дамыту орталығы «IteachMe» қоғамдық қорының директоры Бегалиева Захира Оңғарбайқызы, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ онлайн оқытуды дамыту департаментінің директоры Әдепбаева Қымбат Қаниқызы қатысып жатыр.

Кез келген жас қазақстандықтың арманы – ірі компанияларда жұмыс істеу, басшылық бағалайтын кадр болу, жоғары жалақы алу. Көп жастар үшін қол жеткізуге болатын мақсат. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жастар үшін бұл мақсат қолжетімді ме? Қазір Қазақстанда 700 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішіндегі 420 мың адам мүмкіндігі шектеулі болғанымен, еңбек етуге қабілетті. Бұл 58%-ін құрайды. Бұл қазіргі біздің еңбек нарығына үлес қоса алатын адамдар. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс таба алмауының бірнеше себебін анықтадық. Біріншіден, оқу орындарында алған білім мен практика сәйкес келмей жатады. Екіншіден, сұранысқа ие болу үшін қосымша білім жетілдіру курстарынан өту керек. Заман ағымына сай әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы керек. Бүкіл әлемде циярландыру және технология ғасыры болып жатыр. Тағы бір фактор – мамандық бір рет қана таңдалуы керек, өмір бойы тек сол кәсіппен айналысу керек деген көзқарастың болуы. Жаңа заманауи мамандықтар да өзін жетілдіруді хобби ретінде көреді, - деді Захира Бегалиева.

«IteachMe» қоғамдық қорының директоры транспорт мәселесінің туындауы жағдайды одан әрі күрделендіріп тұрғанын айтты.

Маманның айтуынша, әсіресе, ауылдарда, аудандарда проблема күйіп тұр. Өмірге бейімдеу жұмыстары мемлекеттік ұйымдар тарапынан жүріп жатқанын да тілге тиек етті.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: