Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдау проактивті форматта көрсетіледі

Бүгiн, 09:41 129

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Әлеуметтік кодекске сәйкес әділ қоғам құру, теңдік және әлеуметтік қорғау саласындағы адам құқықтарын шектеуге жол бермеу қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Халықаралық аренада Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялай отырып және БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне қосыла отырып, адам құқықтарына негізделген саясатты белсенді іске асырады. 2023 жылғы маусымда конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды. Осы жылдың наурыз айында БҰҰ комитетінде Конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндама сәтті ұсынылды. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар базалық және міндетті деңгейде жүзеге асырылады.

Жыл сайын республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жиынтық шығыстары шамамен 22%-ға ұлғаяды. Биыл ол 748,5 млрд теңгені құрады, — деді Светлана Жақыпова.

Министр мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қолдау проактивті форматта көрсетілетінін айтты. Қызметтер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: