Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жаңа тыйым күшіне енді

9 Қыркүйек, 17:55 336

Қазақстанда ойындар мен лотерея мәселелеріне қатысты түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Олар мемлекеттік қызметкерлерге бірқатар шектеулер қояды. 

Атап айтқанда, ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұратындарға ставка жасауға және ойнауға тыйым салынды. Сондай-ақ, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдарға шектеулер қойылған.

Енді мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеулерді сақтамау оларды жұмыстан шығаруға әкеледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: