03.10.2025
14:14
358
Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны жалғасуда

Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны жалғасуда

2025 жылдың 1 қарашасына дейін азаматтар өздеріне қолайлы немесе жаңа емхананы таңдауға және ауыстыруға мүмкіндік алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген және онлайн қолжетімді: жаңа медициналық ұйымға тіркелуді eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

Науқаннан тыс уақытта емхананы тек ерекше жағдайларда ауыстыруға рұқсат етіледі:

  • басқа елді мекенге көшу кезінде;
  • жұмыс немесе оқу орнын өзгерткенде;
  • емхананың қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуы жағдайында.
  • Мұндай ауысу жылына бір рет қана жасалады.

eGov порталы арқылы емхананы ауыстыру тәртібі:

Порталда авторизациядан өту.

«Азаматтарға/Бизнеске» → «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау.

«Емханаға тіркелу» қызметін ашып, қажетті деректерді толтыру.

Өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен растау.

«Қызметтер тарихы» бөлімінен мәртебесін тексеру.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық ұйымға тіркелу - науқастың белгілі бір емханада қызмет алу құқығын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар МӘМС жүйесі аясында тегін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін маңызды шара болып саналады.