Қазақстанда күн суытады

21 Тамыз 2023, 15:12 5375

22-24 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылынған және тұрақсыз ауа массалары сақталып, жаңбыр жаууына себеп болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, бұршақ және жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы +18...24 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: