Қазақстанда "Криптомектеп" білім беру жобасы басталды

26 Қазан, 17:03 470

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Binance Academy қолдауымен Binance Kazakhstan «Криптомектеп» білім беру жобасы шеңберінде Қазақстанның озық пайдаланушылары үшін тереңдетілген курстың іске қосылғаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Криптомектеп» жобасы 2024 жылдың басында іске қосылды және қолжетімді онлайн Модульдер жиынтығы бар негізгі білім беру курсынан тұрды, оның мақсаты жаңадан бастаушыларға блокчейн мен криптовалюта туралы білім беру. Жобаға оқудан өткен 1000-нан астам адам қатысты. Курс аяқталғаннан кейін оларға Binance Academy базалық курсынан өткені туралы NFT-сертификаттар берілді.

Білім беру алаңына арналған оқу материалдарын Binance Academy ұсынады. «Криптомектеп» аясындағы жаңа курстың басты мақсаты – блокчейн технологиясы, орталықтандырылмаған қолданбалар (DApps), орталықтандырылмаған қаржы (DeFi), NFT, криптотрейдинг және т.б. мәселелерінде тереңірек білім беру. Курс 70 модульден тұрады және 2024 жылғы 22 қазанынан 22 қарашасына дейін жалғасады. Кез келген Binance қолданушысы оқуды бастай алады, білім беру бастамасы тегін. Курс соңында қатысушылар сертификат алады. Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық шеңберінде еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері үшін Binance Academy сарапшылары оқыту вебинарларын өткізетін болады.

Криптовалютаның маңыздылығын, әсіресе блокчейн технологиясы экономикалық өсудің шешуші факторы бола алатын Қазақстанда асыра бағалау мүмкін емес. Осындай бастамаларды қолдай отырып, біз халықты цифрлық активтер экожүйесінің жұмыс істеуін түсінуге шақырып, болашақтың инновациялық экономикасы үшін іргетас қалыптастырамыз, - деп түсіндірді ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов.

«Білім беру бастамалары цифрлық активтерді ауқымды енгізуге бағытталған біздің стратегиямыздың негізі болып қала береді. Қазақстан криптовалюталарды қабылдау қарқыны бойынша сенімді көшбасшы орынға ие және біз пайдаланушыларды блокчейн технологиясы мен криптовалюталар туралы терең және өзекті біліммен қамтамасыз етуге тырысамыз», - деп ТМД өңіріндегі комплаенс басшысы Әсел Мырзабекова атап өтті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: