Елде криминалистикалық цифрлық зертхана пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заманауи технологияның көмегімен енді полицейлер алаяқтарды дер кезінде ұстап, кінәсіз жандарды қамауға алу қаупін азайтпақ.
Сондай-ақ зертхана құқық бұзушыларды анықтауға, тергеу ісіне серпіліс береді. Мұнда мамандар бағдарламалық-аппараттық кешендер арқылы компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізеді.
Одан бөлек, портреттік талдау жүргізуге болады. Осылайша заң бұзған адам деректер базасынан автоматты түрде анықталады.