23.01.2023
09:59
1414
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Өткен тәулікте елімізде 35 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.