11.08.2025
16:34
928
Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады?

Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады?

2025 жылғы 18 шілдеде президент жаңа Салық кодексіне қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және бірқатар жеңілдік алушылар үшін көлік салығын жояды.

Салықтан толық босатылатындар:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, соның ішінде шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқандар;
  • КСРО ордендері мен медальдарымен еңбек және майдандағы қызметі үшін марапатталғандар;
  • Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
  • "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері;
  • Үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалерлері;
  • "Отан" орденінің иегерлері;
  • "Батыр ана" орденімен немесе "Алтын алқа", "Күміс алқа" марапаттарымен наградталған көпбалалы аналар;
  • Мотоколяскаға немесе автокөлікке ие мүгедектігі бар адамдар (жеңілдік бір көлік құралына ғана қолданылады).

Ұйымдар үшін:

  • Мемлекеттік органдар мен оқу орындары – қозғалтқыш көлемі 3 000 текше сантиметрге дейінгі бір автокөлік пен бір автобусқа;
  • Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен фермерлер – агроөндірісте қолданылатын арнайы техникаға.

Ескі көліктерге салық жеңілдігі: 10–20 жылдық көліктерге – 30%, 20 жылдан асқан көліктерге – 50% жеңілдік; Құны 18 000 АЕК-тен (шамамен 70,8 млн теңге) асатын автокөлікті сатқанда 10% акциз енгізіледі. Егер иесі көлікті бір жылдан артық уақыт иеленсе – акциз алынбайды.

Еске салайық, шілденің ортасында Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын. Барлық толық мәліметті жоғарыдағы сілтеме арқылы білуге болады.