Қазақстанда қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан қағылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Finratings.kz мәлімдеді. Жаңа тәсілді БҰҰ аясында жұмыс істейтін балаларды қорғау жөніндегі халықаралық ұйым — ЮНИСЕФ те қолдаған.
Енді бастысы — нақты мұқтаждық, бала саны емес
Егер отбасыда екі пәтер, бірнеше көлік және тұрақты табыс болса — жәрдемақы қарастырылмайды. Бұл талап көп баланың болуына қарамастан қолданылады.
Қалай жүзеге асады?
Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, қазіргі таңда Қарағанды облысы мен Шымкентте мұқтаждықты бағалаудың жаңа скорингтік моделі пилоттық режимде сынақтан өтуде. Ол тек табысты ғана емес, сондай-ақ:
Барлығы 6 түрлі үй шаруашылығы санаты бар. Соңғы санат — жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген отбасылар. Мемлекеттен қолдау дәл осы топқа қарастырылмайды.
Министрдің айтуынша, жәрдемақы шын мәнінде мұқтаж жандарға жетуі тиіс. Жаңа модель осыны көздейді.
ЮНИСЕФ не дейді?
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвар бұл тәсілді «ойластырылған» деп атады. Ұйым жүйені жетілдіруге техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуге дайын.
Бастысы — әлеуметтік осал отбасының бірде-бір баласы назардан тыс қалмауы керек. Бұл — дұрыс бағыттағы қадам, — деді ол.
Басты өзгеріс — әлеуметтік мәртебеге емес, нақты жағдайға сүйену
Министр Жақыпова қазіргі жүйенің кейде әділетсіз екенін мойындады: көмек шын мұқтаж да, қолдаусыз өмір сүре алатындар да алады. Бұл — бюджеттік ауыртпалықты арттырып, нағыз мұқтаждарға жәрдемнің жетпеуіне себеп.
Енді жәрдемақы алу үшін не істеу керек?
2025 жылдың жазынан бастап жаңа жүйе ел бойынша енгізілмек. Қазірдің өзінде пилоттық өңірлерде оң нәтиже көрсетіп, халықаралық серіктестер тарапынан қолдау табуда.
Бұған дейін зейнетақы 120 пайызға өсетіні туралы жазған едік.