Қазақстанда ірі супермаркеттер желісіне айыппұл салынды

18 Шілде, 13:57 663

Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті еліміздегі ірі супермаркеттер желісіне айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарты жылда сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғаған.

Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласында республика бойынша бірнеше филиалдары бар SMALL және METRO ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі ең ірі Esentai Gourmet премиум-класты гастроном әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Әкімшілік жауапкершілікке тартуға 2 228 қаулы шығарылған. Оның 381-і айыппұл және 1 847 алғаш рет жасалған заң бұзушылықтарға ескерту түрінде берілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: