Қазақстанда хостел саны артқан

19 Шілде 2023, 17:30 795

Қазақстанда хостелдер саны артып келеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікке жеткен. Осылайша, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 92 бірлікке өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, хостелдің 2 215-і – қала аумағында, қалған 1 633-і ауылдық жерлерде орналасқан. Оның ішінде (2022 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда): Мейрамханасы бар қонақ үй – 751 (-48)

Мейрамханасыз қонақ үй – 1450 (+42)

Демалыс үйі – 96 (+9)

Демалыс пансионаты – 28 (0)

Балалар лагері – 110 (-1)

Туристік база – 52 (0)

Кемпинг – 38 (+4)

Хостелдер – 111 (+35)

Орналастыру орындарының ең көп саны дәстүрлі түрде Алматы қаласы – 337 және Жетісу облысында – 334. Ең азы Ұлытауда – 24 орын.

Равиль Ашығали
Бөлісу: