Қазақстанда фастфуд айтарлықтай қымбаттады

24 Мамыр 2023, 00:27 607

Сәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%, ал жылдық мәнде 15,9% көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір айда баға айтарлықтай Солтүстік Қазақстан облысында өсті - 5,7%.

Баға өсімі бойынша үштікке Жамбыл (4%) мен Жетісу (2,2%) облыстары да кірді.

Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстары, Шымкент қаласында (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында қатты қымбаттады.

Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.

Перизат Саденова
Бөлісу: