Қазақстанда фармацевтикалық препараттар өндірісі 36% қысқарды

3 Тамыз 2023, 19:12 1307

2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді. Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9% артық болған (73,3 млрд тг), Қазақстанда фармацевтикалық препараттар өндірісі 36% қысқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.

Перизат Саденова
Бөлісу: