Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі жаңарды

28 Наурыз 2023, 18:33 1036

Үкіметтің 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Психотропты заттар этизолам, трамадол, кетаминмен толықтырылды.

Үкімде каннабис (кенсора) кептірілген және кептірілмеген түрде есірткіге жататыны көрсетілген.

Сол сияқты есірткіге изотонитазен, кротонилфентанил, циклопропилфентанил, акрилоилфентанил (акрилфентанил), фуранилфентанил, тетрагидрофуранилфентанил, U-47700, MT-45, AH-7921 қосылды.

Прекурсорлардың тізімі де жаңарды. Жаңа басылымда "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызылған өсімдіктерді заңсыз өсіру көлемдері" кестесі берілген.

EL.KZ
Бөлісу: