2025 жылы Қазақстанда азаматтардың күнделікті өмірінің түрлі саласына қатысты жаңа жауапкершілік шаралары енгізілді. Бұл нормалар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап та күшінде қалады, сондықтан әр қазақстандық оларды білгені жөн. Ендеше соларды еске сала кеткенді жөн көрдік, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Негізгі өзгерістер тізімі
2025 жылдың жазынан бастап жеке тұрғын үйлерде автономды өрт түтінін анықтайтын құрылғы болуы тиіс. Оның болмауы 5-10 АЕК (2026 жылы 21 625-43 250 теңге) айыппұлға әкеледі. Датчикті орнату мен тексеруге қатысты нақты талаптар бар.
ЖИ-дің белсенді дамуына байланысты 2025 жылы ӘҚБтК-ке 641-1-бап енгізілді.
Айыппұлдар:
ЖИ жүйесінің иелері – контенттің жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсетпесе немесе қауіптерді басқармаса: 15-200 АЕК (64 875 – 865 000 тг)
ЖИ қолданушылары – жалған немесе заңсыз ақпарат таратса: 15-30 АЕК (64 875 – 129 750 тг)
Егер шетелдік банктегі шотыңызда 1 000 АЕК-тен артық қаражат болса (2026 жылы 4 325 000 теңге), оны декларацияда көрсету міндетті. Жасырғаны үшін 100 АЕК (432 500 тг) айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде түзетілмесе – 200 АЕК.
Енді көлемі 50 текше см-ге дейінгі мопедтер де тіркеуден өтуі тиіс.
Қажет:
Мемлекеттік нөмір
А1 немесе А санатындағы жүргізуші куәлігі
Тіркеусіз жүргені үшін – 10 АЕК (43 250 тг).
Қуаты 250 Вт-тан жоғары, жылдамдығы 25 км/сағ асатын электровелосипедтер де тіркелуі керек.
Айыппұл – 10 АЕК, сонымен қатар ЖҚЕ талаптарын сақтау міндетті.
Қозғалыс кезінде көліктен бас немесе дене бөлігін шығарып отыруға болмайды. Жүргізуші де, жолаушы да 10 АЕК айыппұл төлейді.
Жеке тұлғаларға – 100 АЕК
Заңды тұлғаларға – 200-1 000 АЕК
Қайталанса, айыппұл екі есе өседі.
Есірткі немесе күшті дәрілерді медициналық мақсатсыз қолданғаны үшін:
40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке қамау
Қайталанса – жаза екі еселенеді.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап кейбір құқықбұзушылықтар үшін айыппұл орнына қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін.
Мысалы:
Жедел қызметке жол бермеу
Ұсақ бұзақылық
Қоғамдық орындарда тиісу
Отбасылық жанжалдар
Дропперлік – қылмыс
Банк шотын алаяқтарға беру немесе ақша айналымына қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Жаза:
5 000 АЕК-ке дейін айыппұл (21,6 млн тг) немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
2026 жылы қазақстандықтар үшін жол ережесі, қаржы, медицина, экология және цифрлық қауіпсіздік салаларындағы талаптар бұрынғыдан да маңызды бола түседі.
Ережелерді сақтау – тек айыппұлдан құтылу емес, өз қауіпсіздігің мен жауапкершілігіңнің көрсеткіші.