Қазақстанда ең жас және ең егде жастағы министр кім

27 Ақпан, 18:02 1815

Қазақстанда министрлердің орташа жасы 49,9 жасты құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең егдесі – экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев: 62,5 жаста. Екінші және үшінші орындарда қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов (58 жас) пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы Сапаров (57,7 жас).

Ал ең жас министрі атағы көлік министрі Марат Қарабаев, оның жасы небәрі 36,6-да. Екінші және үшінші орындарды төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Әрінов (40,3 жаста) пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (41 жаста) тұр.

Қазақстандағы министрлердің жасы:

Ерлан Нысанбаев, экология және табиғи ресурстар министрі – 62,5

Руслан Жақсылықов, қорғаныс министрі – 58

Айдарбек Сапаров, ауыл шаруашылығы министрі – 57,7

Нұржан Нұржігітов, су ресурстары және ирригация министрі – 56,9

Светлана Жақыпова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – 56,1

Ержан Саденов, ішкі істер министрі – 55,3

Ғани Бейсембаев, оқу-ағарту министрі – 54,7

Ермек Маржықпаев, туризм және спорт министрі – 54,5

Алмасадам Сәтқалиев, энергетика министрі – 53,3

Ақмарал Әлназарова, денсаулық сақтау министрі – 53

Аида Балаева, мәдениет және ақпарат министрі – 49,6

Нұрлан Байбазаров, ұлттық экономика министрі – 48,4

Мұрат Нұртілеу, сыртқы істер министрі – 47,9

Арман Шаққалиев, сауда және интеграция министрі – 46,2

Мәди Тәкиев, қаржы министрі – 45,9

Азамат Есқараев, әділет министрі – 44,4

Саясат Нұрбек, ғылым және жоғары білім министрі – 42,8

Қанат Шарлапаев, құрылыс және өнеркәсіп министрі – 42,6

Бағдат Мусин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – 41

Шыңғыс Әрінов, төтенше жағдайлар министрі – 40,3

Марат Қарабаев, көлік министрі – 36,6.

Ranking.kz мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі министрлердің орташа жасы да 50,9-ды құрайды. Қазақстанда ведомство басшыларының 21-інің 10-ы бұл көрсеткіштен асып кеткен.

Сонымен, ЕАЭО-дағы ең жас министрлер кабинеті Арменияда екен – 40,9 жас. Ал ең егде жастағы министрлер Ресейде: орташа жас 55,1-ді құрайды. Қырғызстанда министрлердің орташа жасы 52,6-ға, Беларусьте 51,6-ға тең.

Еуразиялық экономикалық елдер арасында ең егде жастағы министр – Ресейдің сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров. Оның жасы 73,9-да. Сонан соң Ресейдің энергетика министрі Николай Шульгинов (72,8), Ресейдің көлік министрі Виталий Савельев (70,1), Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу (68,7), сондай-ақ Беларусьтің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Андрей Худык (65) тұр.

Ал ең жас министр деп Арменияның жоғары технологиялық өндіріс министрі Мхитар Айрапетянды айтуға болады, ол небәрі 33,8 жаста екен.

Сонымен қатар жастардың қатарына Арменияның еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянды (34,7), Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевты (36,6), Армения қорғаныс министрі Сурен Папикянды (37,8) және Қырғызстанның әділет министрі Аяз Баетовты (39,2) жатқызуға болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: