07.04.2025
14:53
1009
Қазақстанда доллар құны тағы да күрт көтерілді

Қазақстанда доллар құны тағы да күрт көтерілді

Қазақстандағы айырбастау орындарында доллар бағамы күрт өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz мәліметінше, 12:45-те айырбастау пунктеріндегі америкалық валюта бағамы:

  • Алматы: сатып алудың орташа бағамы – 514,9 теңге, сатудың орташа бағамы – 518,37 теңге;
  • Астана: сатып алудың орташа бағамы – 513,21 теңге, сатудың орташа бағамы – 519,24 теңге;
  • Шымкент: сатып алудың орташа бағамы – 515,36 теңге, сатудың орташа бағамы – 519,16 теңге.

ҚР Ұлттық Банкі долларының 7 сәуірдегі ресми бағамы 504,34 теңгені құрайды.