Қазақстанда доллар бағамы төмендеп, нарықта өзгеріс байқалды

Қазақстанда доллар бағамы төмендеп, нарықта өзгеріс байқалды

18 қарашаға арналған валюталық сауда қорытындылары жарияланды. KASE Қазақстан қор биржасының мәліметіне сүйенсек, күндізгі сессияда АҚШ долларының орташа бағамы 521,01 теңге болып қалыптасты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,63 теңгеге төмен көрсеткіш.

Ұлттық банк бекіткен ресми курс та жарияланып, 18 қарашаға 524,14 теңге деңгейінде белгіленген.

Сонымен қатар, kurs.kz сервисі Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі қазіргі бағамдарды ұсынды.

Алматыда:

  • сатып алу - 522,30 теңге
  • сату - 524,20 теңге

Астанада:

  • сатып алу орташа - 519,54 теңге
  • сату - 526,52 теңге.