Қазақстанда доллар бағамы тағы да арзандады

26 Сәуір 2023, 18:00 647

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Kurs.kz мәліметінше, Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,95 теңгеге төмендеп, 1 доллар 453, 93 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 455, 04 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 452 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 455 теңге. 
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу – 454,5 теңге. 
Алматыда Ресей рублі 5,4 – 5,6 теңге, Астанада 5,45 - 5,55 теңге аралығында ұсынылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: