13.10.2023
17:00
1342
Қазақстанда демалыс күндері үсік жүреді

Қазақстанда демалыс күндері үсік жүреді

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фронтальді бөлімдердің әсерінен таяудағы үш тәулікте солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болжанады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Қазақстан бойынша тұман мен желдің күшеюі болжануда.

Республиканың басым бөлігінде күндіз термометрлердің бағандары 10-20 жылыға жетеді. Түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда 1-3 градус үсік күтіледі.