Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 13,6% қымбаттады

15 Наурыз 2023, 12:04 1081

Былтырғы қаңтар айымен салыстырғанда дәрі-дәрмек өндірісі 61,3%, басқа да фармацевтикалық препараттар өндірісі  22,9% артқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

2022 жылы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 142 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 4,5%-ға аз. Басқа да фармацевтикалық препараттар өндірісі 2,4 есеге 17,9 млрд теңгеге дейін азайған.

2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің бағасы бір айда 1,2%-ға өскен.

Жылдық динамикада фармацевтикалық өнімдер 13,6% қымбаттады. Бұл 2017 жылдың қаңтар айынан бастап есептегенде ең жоғары жылдық өсім болып есептеледі.

Өңірлік бөліністе биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің жылдық өсімі Алматы облысында 7,2%-дан Алматыда 21,2%-ға дейін өзгерді. Маңғыстау (18,3%), Солтүстік Қазақстан (15,4%) және Қызылорда (15,3%) облыстарында да айтарлықтай өсім тіркелген.

EL.KZ
Бөлісу: