24.04.2023
14:22
1393
Қазақстанда биыл әскери парад ұйымдастырыла ма?

Қазақстанда биыл әскери парад ұйымдастырыла ма?

2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми жауабына сүйене отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл – бюджет қаражатын үнемдеуге және өзге де маңызды мәселелерге басымдық беруге байланысты қабылданған шешім.

Министрлік өкілдері әскери-партриоттық іс-шаралар өткізіліп, әскери қызметшілерді марапаттап, соғыста көз жұмған батырларымыздың есімін ұлықтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

7 және 9 мамырға арналған іс-шаралар туралы ақпарат Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланады.