Қазақстанда биыл 450 мың бала дүниеге келген

5 Мамыр 2023, 12:08 898

Бүгін - Халықаралық акушерлер күні. Мереке идеясын халықаралық акушерлер қауымдастығы 1987 жылы Нидерландыда өткен конференцияда ұсынды, ал бұл күн ресми мереке мәртебесіне 1992 жылы ғана ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Денсаулық сақтау мниистрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 241 босандыру ұйымы, оның ішінде 144 аудандық орталық аурухана, 58 перзентхана, 37 перинаталдық орталық, 2 республикалық клиника жұмыс істейді.

Амбулаториялық деңгейде 810 әйел консультациясы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді, сондай-ақ 1 282 дәрігерлік амбулатория мен 790 фельдшерлік-акушерлік пункт өз функцияларын орындайды.

Медициналық ұйымдарда ел бойынша барлығы 7 415 акушер, оның ішінде қалада 64% (4 708) және ауылдық жерлерде 36% (2 707) жұмыс істейді. Фельдшерлік-акушерлік пункттерде 600-ден астам акушер жұмыс істейді.

Перзентханаларда 3 740 акушер жұмыс істейді, олар жыл сайын 400 мыңнан астам босануды қабылдайды, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер жұмыс істейді.

Жалпы Қазақстанда соңғы жылдары туу көрсеткішінің өсуі байқалады, ал туу көрсеткіші 2021 жылы ең жоғары деңгейге жетті. Биыл 450 мыңнан астам бала дүниеге келді және туу коэффициенті 100 мың тұрғынға шаққанда 23,4-ті құрады.

EL.KZ
Бөлісу: