Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүреді

25 Сәуір 2023, 19:00 1089

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады, яғни көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өскен.

Айта кетейік, 2020-2021 жылдары елімізде өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеп, тиісінше 71,3 және 70,2 жасты құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүреді.

Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасқа тең, 2021 жыл 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын, - делінген мәліметте.

Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: