2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда азаматтарға арналған автолизинг іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының мүшесі Олжас Құспеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
1 желтоқсаннан бастап елімізде жаңа қаржы құралы – жеке тұлғаларға арналғанавтолизинг тетігі енгізіледі.
Бұған дейін президент азаматтардың көлікке қолжетімділігін арттыру шараларын кеңейтуді тапсырған болатын. Енді жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасымен қатар, азаматтар көлікті лизинг арқылы сатып алу немесе оны кейін лизинг берушіге қайтару мүмкіндігіне ие болады. Аталған механизмді Сауда және интеграция министрлігі әзірлеп, оны ішкі сауда қағидаларына енгізу бойынша түзетулер жобасы ретінде «Ашық НҚА» порталында жариялады, - деп жазды ол.
Сауда және интеграция министрлігі атап өткендей, автолизинг тетігінің енгізілуі автокөліктің қолжетімділігін арттырып, ішкі нарықты дамытуға және бәсекелестік ортаны нығайтуға мүмкіндік береді.
Біздің басты мақсатымыз – лизингтің автонесиенің баламасына айналмауы, халық үшіншынымен де ыңғайлы, икемді және тиімді құрал болуы, – деп қосты Құспеков.