31.01.2025
03:01
1680
Қазақстанда автогаз бағасы бекітілді

Қазақстанда автогаз бағасы бекітілді

Энергетика министрлігі бөлшек саудадағы, яғни автогаз құю станцияларында сатылатын сұйытылған мұнай газының бағасын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең жоғары баға – Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Абай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Мұнда 1 литр газдың құны 102 тг. Бұған дейін бұл өңірлерде 82-89 тг аралығында саудаланған.

Ал Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 70-тен 90 теңгеге өсті. Төменгі баға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында. Онда сұйытылған газ 77 теңге деп бекітілді. Тек Маңғыстау облысында 59 теңгеден 65 теңгеге өзгерді.

1 ақпаннан бастап сұйытылған газ бағасы өңірлерде бекітілген бағада сатыла бастайды.