Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалын аралауға кеткен.Содан қайтып оралмаған, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі
Аустралиялық азаматты соңғы рет әріптестері көрген. Жоғалған ер адамның дос қызының айтуынша, жоғалған адам екеуі туристік сапармен Алматыға 20 мамырда кешке келген. Сағат таңғы 7-де туристер қайта ұшып кетуі керек болған. Қыз әуежайға жалғыз келген, сол жерде ер адамды кездестіремін деп ойлаған. Алайда аустралиялық азамат сол күйі оралмаған, - делінген хабарламада.
Сағат 10.45-те Үлкен Алматы өзеніне құтқарушылардың тағы бір тобы келді, 10 адам сағат 11:15-теҒарыш станциясынан іздеуді жалғастырды. Құтқарушылар екі топқа бөлінді: біреуі Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына кетті, - дейді РЖҚЖ баспасөз қызметі.