Қазақстанда әрбір бесінші адам аллергиядан зардап шегеді

6 Сәуір, 05:41 708

Статистика бойынша Қазақстандағы әрбір бесінші адам аллергиядан зардап шегеді. Сәуір айынан бастап елде маусымдық аллергияның жаңа толқыны басталады. Осы орайда мамандар маусымдық аллергиядан ең көп зардап шегетін өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханасының мәліметінше, 2023 жылы маусымдық аллергия себептерін анықтау үшін 25 мыңнан астам адам жүгінген. Мәселен, жүргізілген зерттеулерге сәйкес Астана, Алматы қалаларында, Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында аллергендердің бірқатар панельдерінде жоғары көрсеткіштер жиі анықталады.

Дәрігерлер қайыңның мықты аллерген-ағаштардың бірі екенін анықтады.

Былтыр осы бейін бойынша зертхана филиалдарына барлығы 5,5 мыңнан астам адам жүгінді. Нормадан жоғары мәндер кескінінде көрсеткіштердің көбісін аққайың аллергендерінің панеліндегі талдау көрсетті. 1440 пациентте оң нәтиже болды. Ал үйеңкі мен терек аллергендерінің панелінде көрсеткіштер айтарлықтай төмен – тиісінше 338 және 340. Егер өңірлер туралы айтатын болсақ, Алматы, Астана, Ақтау, Қостанай және Өскемен тұрғындары қайыңға аллергиядан жиі зардап шегеді, - делінген мәліметте.

Мамандар маусымдық аллергияны шалғындар мен арамшөптер де тудыратынын алға тартады. Мұндай шағыммен зертханаға 20 мыңнан астам адам жүгінген.

Олардың ішінде сегіз мыңға жуық жағдайда ағзаның реакциясы арамшөптерге расталды. Мұнда айқын аллергендер қарапайым және ащы жусан, жасымық тәріздес көкпек болып шықты. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды және Қостанай антирейтингте көшбасшы атанды, - дейді зертханадағылар.

Шалғынды шөптерге келетін болсақ, олардың арасында қазақстандықтарда аллергияны ең көп тудыратындар қатарында атқонақ, бетеге және кәдімгі тарғақшөп бар. Көп жағдайда оң көрсеткіштер Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Өскеменде болды.

Жыл сайын сәуір айынан, яғни гүлдену маусымынан бастап күзге дейін көбіміз аллергиядан зардап шегіп өтеміз. Ең жиі кездесетін белгілер – тұмау, мұрынның бітелуі, жиі түшкіру, жану сезімі, мұрынның қышуы, көздің қызаруы, жөтел. Егер көктемнің келуімен сізде осы белгілер пайда болса, диагноз қойып, қандай өсімдіктің тозаңына аллергияңыз бар екенін білгеніңіз жөн. Оларды зертханалық зерттеулер арқылы анықтауға болады. Аллергия, бір қарағанда, қауіпсіз болып көрінгенімен, тыныс алу жолдарының нашарлауына және бронх демікпесінің дамуына әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді, - деді ОЛИМП КДЗ бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Бұған дейін аллергия мен суық тиюді қалай ажырату керектігі жайлы жазғанбыз. Иммунолог аллергияға дұрыс диагноздың қойылмауы несімен қауіпті екенін айтқан. 

Перизат Саденова
Бөлісу: