Қазақстанда алғаш рет өмір сүру жасы ұзарды

19 Мамыр 2023, 19:05 935

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда алғаш рет өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу пандемия кезінде басталғаны белгілі. Вице-министр жүйе енгізілген соң коронавирус инфекциясынан кейін асқынулар орын алғанына қарамастан, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бірінші рет осындай көрсеткішке жетті деп отыр.

2022 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмеген кезде, яғни 2019 жылмен салыстырғанда жалпы өлім 8,8 пайызға төмендегенін атап өткен маңызды. Бұл оң өзгерістер сақтандыру медицинасын енгізудің халықтың денсаулығына жағымды әсері мен өлім деңгейінің төмендеуін көрсетеді, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Перизат Саденова
Бөлісу: