Қазақстандықтардың атына курьер болып келетін алаяқтар көбейіп жатыр. Олар жалған сәлемдеме әкеліп, 1414 нөмірінен келген кодты сұрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сарапшылардың айтуынша, бұл код банк шоттарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, бірақ жәбірленушіні кейінгі алаяқтық схемасына тартуға арналған айла. Кодты айтқаннан кейін жәбірленушіге өздерін банк қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.
Мамандар SMS-кодтарды ешкімге айтпауға, жеке деректерді жария етпеуге және күмәнді қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді.