Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар

29 Шілде, 10:09 324

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.

Оның ішінде ерлер - 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер - 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.

АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында тұрады.

Айта кетейік, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: