20.10.2023
04:28
1436
Қазақстанда ағаш терезе мен есік өндірісі ұлғайды

Қазақстанда ағаш терезе мен есік өндірісі ұлғайды

Ұлттық статистика бюросы елімізде ағаш терезе мен есік өндірісі ұлғайғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағаш терезе мен есіктердің, сондай-ақ олардың жақтаулары мен табалдырықтарының өндіріс көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4% өсті.

Биылғы жылдың тоғыз айында қазақстандық компаниялар 697,8 мың м2 терезе мен олардың жақтауларын, сондай-ақ есіктерді шығарды (2022 жылы қаңтар-қыркүйек – 574,6 мың м2).