Қазақстанда АЭС салынуы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады - Сәтқалиев

27 Тамыз, 10:36 396

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом энергетикасын дамыту перспективасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықаралық әріптестермен бірлескен жобалар Қазақстанды уран өндіруде әлемдік көшбасшы ретінде ғана емес, атом саласындағы жоғары технологиялық шешімдерде де жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Олардың қатарында медициналық және мұнай-газ секторлары үшін радиоизотоптар, жартылай өткізгіштер мен баспа платалары өндірісі жатады, - дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, АЭС құрылысы материалдар мен жабдықтар өндірісіндегі құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бюджетке инвестициялар мен салық түсімдерінің ағынын қамтамасыз ете отырып, елдегі технологиялардың дамуына елеулі үлес қосады.

Қазақстанда АЭС салу біздің энергетикалық тәуелсіздігімізді нығайтады және 2060 жылға дейін қабылданған көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру жолындағы негізгі қадам бола отырып, ел экономикасы үшін елеулі мультипликативтік әсер әкеледі, - дейді министр.

Алмас Абылай
Бөлісу: