Қазақстанда 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады

10 Ақпан 2023, 14:33 936

Қазақстанда 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қордың қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы биыл басталады. Осылайша үшінші ауысымнан толықтай құтылып, мектептердегі орын тапшылығын жоюға болады. Қазірдің өзінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді.

  Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады.

Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, ҚР Үкіметі бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – Samruk-Kazyna Construction компаниясы.

 

EL.KZ
Бөлісу: