Қазақстанда 8 мыңға жуық медицина маманы тапшы

12 Мамыр 2023, 09:50 1329

Қазақстанда ауруханалар мен емханаларда 7 606 орта медицина персоналы тапшы. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

 

«2007-2017 жылдар аралығындағы кезеңде педиатриялық факультеттерге талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылған жоқ. Бұл мамандардың тапшылығы әкелді. Әсіресе, стационар деңгейіндегі мамандарға және арнайы бейінді мамандардың тапшылығына (балалар реаниматологтары-анестезиологтары, кардиологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар) қатты әсер етті.

Мамандықтар бөлінісінде анестезиолог-реаниматологтар (ересектер, балалар) – 787, акушер-гинекологтар (ересектер, балалар) – 291, педиатрлар – 304, неонатологтар – 104, балалар инфекционистері – 65, балалар невропатологтары - 51 және тағы да басқа мамандықтар арасында кадр тапшылығы байқалады», - делінген тұжырымдамада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, маман тапшылығы салдарынан кейбір қызметкерлер қосалқы жұмыс атқарып жүр. Сонымен қатар, ел бойынша 7 606 орта медициналық персонал жетіспейді. Оның 6 468 маман қалаларға қажет болса, 1 138-і ауылдарда тапшы.

Равиль Ашығали
Бөлісу: