Қазақстанда 730 мың адам саудамен айналысады

25 Желтоқсан 2023, 11:19 1145

Қазақстанда 730 мың адам саудамен айналысады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің 36 пайызы, яғни 1,8 млн адамның 730 мыңы саудамен айналысады.

Әлеуметтік бағыт бойынша сауда саласы бірінші орында тұр, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді (жұмыспен қамтылған халықтың 16,6 пайыз), жалпы ішкі өнімге экономикалық үлес бойынша – екінші орында (2023 жылдың 9 айында 15,8 пайыз).

11 айда саудаға тартылған инвестиция көлемі 410,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3 пайызға жоғары (2022 жылдың 11 айында – 290,6 млрд теңге). Ішкі тауар айналымы 21,1 пайызға өсіп, 53,6 трлн теңгені құрады (2022 жылдың 11 айында – 44,3 трлн теңге). Сауданың нақты көлем индексі – 111,3 пайызды құрады (2022 жылдың 11 айында – 104,8 пайыз), - деді Арман Шакқалиев.

Министр сыртқы сауда қызметінде оң динамика барын айтты.

2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 114,1 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға артты (111,3 млрд доллар).

Миражан Махан
Бөлісу: