Қазақстанда 7000-нан астам шахмат секциясы жұмыс істейді

24 Сәуір 2023, 13:05 623

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, оларға 200 000-нан астам адам, соның ішінде 50 000-нан астам бала қатысады.

Бүгінде әлемнің көптеген елі мектептерге шахматты факультативтік пән ретінде енгізіп отыр және қазірдің өзінде дүние жүзінде 2 миллионнан астам бала шахматпен айналысады. Жаһандық жоба аясында бүкіл әлем бойынша шахматпен шұғылданатын балалардың санын екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Мұны шахмат негізгі білім беру бағдарламасына кедергі келтірмейтіндей етіп іске асыру керек. Қазақстан – осындай бағдарламаны ендірудің жақсы алаңы және үлгісі,- деді Дәрмен Сәдуақасов.

Ол сондай-ақ 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан шахмат федерациясы «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасын іске асырды деп айтты.

Оған 600-ден астам мектеп пен 1000 мұғалім қатыстырылды. Жобаның жаңғыртылуы оның пилоттық нұсқасына қарағанда әлдеқайда көп мектеп пен балаларды тартады. 2022 жылы мектепке дейінгі білім беруден бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіне дейін мектептерде шахмат үйретуді дамытудың жаңа жоспары әзірленді. 1-4 сыныпта оқитын балалардың 20 пайызы бұл жобамен қамтылады. Енді жоспарда – шахмат үйрететін кем дегенде 500педагогты қайта даярлау және оқыту. Мұғалімдер шахмат пәнін оқытушыларды даярлау және қайта даярлау курсынан өте алады, - деді вице-президент.

Шахмат бүкіл әлемде білім беруге көмектесуі үшін FIDE комиссиясы оқу процесіне шамхатты енгізу бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ ол 2022 жылғы мамырда Қазақстанда бағдарламаны іске қосу туралы құжатқа қол қойылғанын, сөйтіп шахмат бірінші сынып оқушылары үшін міндетті пәнге айналып, аптасына 1 рет оқытылатынын тілге тиек етті.

Шахмат ойнауды үйрететін 4000 мұғалім дайындықтан өтті,- деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: