Қазақстанда 7 саяси партия тіркелді

18 Қаңтар 2023, 19:27 7390

Бұл туралы Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті

Әділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді. Бұл туралы ҚР Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды.Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды", - делінген хабарламада.

Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:
1. «Amanat» партиясы;
2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
3. Қазақстан Халық партиясы;
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.

EL.KZ
Бөлісу: