Қазақстанда 7 мыңға жуық түлек «Алтын белгіге» үміткер

12 Мамыр 2023, 23:33 1135

Оқу-ағарту министрі жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына үміткер түлектерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ведомствоның мәліметінше, Ғани Бейсембаев еліміздің білім беру жүйесін дамытуда қабылданып жатқан шараларға тоқталып, «Алтын белгіге» үміткерлер үшін қорытынды емтихандарды өз мектептерінде өткізу туралы бұйрыққа қол қойылғанын хабарлады.

Бізге келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды ескере отырып, сарапшылармен кеңесіп, министрлік биылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлері алдағы уақытта өздерінің білім орнында мектеп бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылданды. Біздің оқушыларымыздың моральдық қағидаттары жоғары екеніне және емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты сақтайтынына сенімдімін, – деді министр мектеп түлектеріне.

Бір жарым сағаттық кездесу барысында қатысушылар еліміздің бас педагогіне олимпиадалар өткізу, мектептердің инфрақұрылымын дамыту, білім беру және басқа да бағыттарға қатысты өз сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, биыл елімізде 6817 оқушы – «Алтын белгі» үміткері.

Берік Арманов
Бөлісу: