Қазақстанда 600 мыңнан астам адам өміріне қауіп төндіретін жұмыс істейді

31 Қазан 2023, 13:05 855

Елімізде 600 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз отырысында БАҚ өкілдері премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға «Костенко шахтасындағы апат «Арселор Миттал Теміртаудағы» бірінші апат емес. Осы жолғы апатта 46 адам қаза тапты. Неліктен шахтадағы жағдай уақытылы қадағаланып, кінәлілер жазаланбай келеді?» деп сұрақ қойды.

Дүйсенова 2014 жылдан бастап елімізде қауіпті жұмысы бар өнеркәсіп өкілдері кәсіби зейнетақы жарналарын төлеп келе жатқанын алға тартты.

Елімізде 600 мыңнан астам адам зиынды және қауіпті жұмыста істейді. Барлық зиянды және қауіпті жұмыс мекемелерін күнделікті жергілікті инспекция және Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті барлығына қарап отырады. Әрбір мекеменің өзіндік стандартты бар. Сол стандарттарға сәйкес жұмыс істеу керек. Жылына бір рет Еңбек инспекциясы және Төтенше жағдайлар инспекциясы өз тарапынан қадағалап отырады», - деп жауап берді вице-премьер.

Тамара Дүйсенова зиянды және қауіпті жұмыс орындарында болатын техногендік жағдайларды тоқтата алмайтынын айта кетті.

Бірақ зиянды және қауіпті жұмыс орындарында барлық уақытта осындай техногендік жағдайлар болады. Оны біз тек жоғалтып, тоқтата аламыз деп айта алмаймыз. Себебі, ол – зиянды жұмыс. Бірақ барынша соны (апатты – ред.) болдырмау мәселесі қажетті министрліктің тарапынан қаралып келе жатыр, - деп түсіндірді Дүйсенова.

Миражан Махан
Бөлісу: