04.10.2025
13:18
405
Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді

Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді

Бүгінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында шамамен 600 мыңға жуық мұғалім мен тәрбиеші жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның ішінде:

  • 400 мыңнан астамы жалпы білім беретін мектептерде;
  • 42 мыңнан астамы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
  • 100 мыңнан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етуде.

Статистикаға сүйенсек, мектептерде ер мұғалімдердің үлесі 76 мыңнан астам, ал әйел педагогтар саны 331 мыңнан асады. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 13 600 ер адам мен 28 262 әйел маман қызмет атқарады.

Ал мектепке дейінгі ұйымдарда 2583 ер тәрбиеші және 99 мыңнан астам әйел педагог балаларды тәрбиелеуде.

Педагогтердің еңбек өтілі бойынша да деректер жарияланды: көпшілігінің еңбек өтілі 10 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта, ал 30 жылдан астам тәжірибесі бар ұстаздар саны 90 мыңнан асады.