Қазақстанда 42 градус аяз болады

6 Желтоқсан 2023, 14:25 3244

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағында 7-9 желтоқсан күндері болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түнгі сағаттарда ауаның температурасы батыста -10-20 градусқа дейін, солтүстік-батыс және солтүстікте -28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде -42 градусқа дейін, орталықта және шығыста – -28-33 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстікте -5-13 градус суық болады. Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстігінде жел күшейеді, делінген хабарламада.

Суық солтүстік-батыс антициклонының басып кіруімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: