Қазақстанда 400-ге жуық жалған ақша басылған

10 Ақпан 2023, 19:54 2620

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылы 1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақшаның басылғанын анықтады. Оның 386-сы – банкнота, 5-еуі – монета. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға аз, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан жиі жасалатыны белгілі болды: 2000 теңге – 238 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 60%-ын құрайды), 10 000 теңге – 55 дана (14%), 500 теңге – 50 дана (12,8%).

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматыда анықталды – 255 дана немесе жалпы санының 65,2%-ы. Қалған өңірлерде 136 дана немесе жалпы санынының 34,8%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар негізінен компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдана отырып жасалған. Қолдан ақша жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысқан.

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.

EL.KZ
Бөлісу: