Қазақстанда 4 мамырдағы демалыс күні 8 мамырға ауыстырылды

29 Сәуір, 02:40 493

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күні 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек министрлігі демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті.

Бұл жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.

Осылайша қазақстандықтар 7, 8 және 9 мамырда қатарынан демалады. Ал сенбі 4 мамыр жұмыс күні болады.

Зарина Арман
Бөлісу: