Қазақстанда 25,8 млн тоннадан астам астық бастырылды

17 Қазан, 19:48 364

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 16,4 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар, немесе 98,6% алаңдар жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орташа өнімділігі 15,7 ц/га түсімділігімен 25,8 млн тоннадан астам астық бастырылды.

Бидай 13 млн гектар алқапта жиналды, өнімділігі 14,9 ц/га түсімділігімен, 19,4 млн тонна бастырылды, арпа – 2,2 млн. гектар, өнімділігі 17,6 ц/га кезінде 3,9 млн тонна бастырылды, сұлы – 190 мың гектар, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 325,6 мың тонна бастырылды.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар 1,5 млн гектар алқаптан жиналды, орташа өнімділігі 10,7 ц/га кезінде, 1,6 млн тонна бастырылды.

113,9 мың гектар алқаптан өнімділігі 234,1 ц/га түсімділігімен, 2,6 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 113,5 мың гектардан өнімділігі 282,8 ц/га түсімділігімен, 3,2 млн тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 98,7 мың гектар алқаптан жиналып, өнімділігі 264,0 ц/га, жалпы түсімі 2,6 млн тоннаны құрады.

Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 38,7 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың басқа да техника тартылған.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Перизат Саденова
Бөлісу: