18.11.2024
11:45
1021
Қазақстанда 21 қарашада телевидение мен радио жұмыс істемейді

Қазақстанда 21 қарашада телевидение мен радио жұмыс істемейді

«Қазтелерадио» 21 қараша күні телевидение мен радио уақытша жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - делінген мәліметте.