Қазақстанда 16 мыңнан астам адам мәйіт доноры болуға келісім берген

Қазақстанда 16 мыңнан астам адам мәйіт доноры болуға келісім берген

Ажар Лаубаева
Фото: magnific.com

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісім бергендердің саны әлі де аз. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, eGov порталы арқылы өз таңдауын тіркеген 172 мыңнан астам азаматтың тек 16,1 мыңы ғана донорлыққа келісім берген. Ал 156,1 мың адам мұндай мүмкіндікке ресми түрде қарсылық білдірген.

Соған қарамастан, мамандар елде трансплантология саласы біртіндеп дамып келе жатқанын айтады. Донорлыққа қатысты қоғамдық көзқарас та жыл сайын өзгеріп келеді.

Жарты жылда 150 ағза трансплантациясы жасалды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 150 ағза трансплантациясы жасалған.

Оның ішінде:

Ота жасаудың басым бөлігі – 121 жағдай тірі донорлардың көмегімен жүзеге асқан. Ал қайтыс болған донорлардың ағзасы арқылы 29 трансплантация жасалған.

Осы кезеңде дәрігерлер 108 ықтимал мәйіттік донорды анықтап, олардың жетеуінде бірнеше ағзаны бір мезгілде алу (мультиоргандық донорлық) операциясын жүргізген.

Донорлар саны артып келеді

Министрлік соңғы жылдары мәйіттік донорлық бойынша оң өзгеріс байқалып отырғанын атап өтті.

Егер 2023 жылы Қазақстанда 49 ықтимал мәйіттік донор анықталса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 86-ға, ал 2025 жылы 186-ға дейін өскен. Былтыр 18 донорлық процесс ұйымдастырылып, соның нәтижесінде 68 адамға өмірлік маңызды ағза трансплантациясы жасалған.

Қазіргі таңда Қазақстанда ағза трансплантациясын күтіп отырған 4 739 пациент бар. Оның ішінде 125-і – балалар.

Күту тізіміндегі науқастардың басым бөлігі бүйрек трансплантациясына мұқтаж:

Трансплантологияны дамыту тек медициналық технологиялар мен инфрақұрылымды жетілдірумен шектелмейді. Бұл үшін қоғамның сенімі, азаматтардың донорлық туралы дұрыс түсінігі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлық бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін ұғынуы аса маңызды, – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ислам донорлыққа қалай қарайды?

Ағза донорлығы қоғамда жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Әсіресе, оның діни тұрғыдағы үкімі көпшілікті қызықтырады.

Исламда қан немесе ағза донорлығы туралы Құранда не Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінде тікелей үкім жоқ. Дегенмен ислам ғалымдары адам өмірін сақтап қалу, мұқтажға көмектесу және мейірімділік қағидаларына сүйене отырып, донорлық мәселесіне оң көзқарас білдіреді.

Бұл ұстанымға негіз болатын Құран мен хадистегі мынадай қағидалар жиі келтіріледі:

«Кім бір адамның өмірін сақтап қалса, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең».

«Қиындыққа тап болған жанның жағдайын жеңілдеткен адамға Алла бұл дүниеде де, ақыретте де жеңілдік береді».

«Алла әрбір дертпен бірге оның шипасын да жаратқан».

Қандай жағдайда донорлыққа рұқсат беріледі?

Ислам ғалымдарының пікірінше, ағза немесе қан донорлығы мынадай талаптар орындалғанда құпталады:

Ал қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы адамның көзі тірісінде берген нақты келісімі болған жағдайда құпталады. Егер мұндай ерік білдіру рәсімделмесе, кейбір діни түсіндірмелерде жұбайының немесе жақын туыстарының пікірі ескерілуі мүмкін екені айтылады.

Неліктен ағзаны сатуға тыйым салынады?

Исламда адам ағзасын немесе қанын табыс көзіне айналдыру құпталмайды. Өйткені адамның қиын жағдайын пайда табудың құралы ету – шариғаттағы адамгершілік қағидаларына қайшы саналады.

Ал мұқтаж жанның өмірін құтқару мақсатында ешқандай материалдық пайда көздемей жасалған донорлық сауапты іс ретінде бағаланады.

Сондықтан исламтанушылардың түсіндіруінше, донорлықтың негізгі мақсаты – коммерциялық пайда емес, адам өмірін сақтап қалу мен өзгеге көмек көрсету болуы тиіс.

Оқи отырыңыз

{